Теректі ауданында Достық үйі ашылды - БҚО

ОРАЛ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Теректі ауданы орталығы Федоров ауылында Достық үйі ашылды.
None
None

Өткен ғасырдың ортасында салынған ғимарат көп жыл бойы кинотеатр болып келген. Артынан мәдениет үйіне айналып, ал соңғы кездері қараусыз қалған еді. Жергілікті ұлттық мәдени орталықтар өкілдерінің өтініш-тілектерін ескерген облыс, аудан басшылары азып-тозып тұрған ғимаратты бюджеттен 11 млн. теңге бөліп күрделі жөндеуден өткізіп, Достық үйіне айналдыруды ұйғарды.

Достық үйінің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов теректіліктерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, 2011 жыл еліміз үшін табысқа толы болғанын жеткізді. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы аясында өткен былтырғы жыл Ақ Жайық өңіріне де берекелі болды.

Достық үйіне көрімдік ретінде жаңа «Тойота» микроавтобусын тарту етті.

Салтанатты жиында сөз алған ұлттық-мәдени орталық өкілдері ұлтаралық татулыққа баса мән беріп, қажет жағдайды туғызып отырғаны үшін Елбасына, Үкіметке, жергілікті атқарушы билік өкілдеріне ризашылықтарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар