21:08, 25 Мамыр 2010 | GMT +5
Терең құрылымдық реформалауды жүзеге асырмайынша, Еуропа экономикасы құлдырау қаупіне ұшырауы мүмкін - еурокомиссар О.Рен
БРЮССЕЛЬ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Терең құрылымдық реформалауды жүзеге асырмайынша, Еуропа экономикасы құлдырау қаупіне ұшырауы мүмкін. Бүгін «Дағдарыстан кейінгі әлем стратегиясы: еуропалық экономикалық өсімді арттыру» атты Брюссель экономикалық форумының барысында экономика және валюталық саясат жөніндегі еурокомиссар Олли Рен осындай мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, реформалар жасалмаған жағдайда Еуропа экономикасын құлдырау күтіп тұр. Өндірістің орташа қарқынының өсімі ең көп дегенде 1,5 пайыз деңгейінен аспайды, ал жұмыссыздық деңгейі - 7-8 пайызға жетеді. «Бұл біздің әлеуметтік нарықтық экономикамыздың негізін шайқалтады және ресурстарымызды жұтатады», - деп атап өтті О.Рен.
Егер Еуроодақ таяудағы 5 жылдың ішінде құрылымдық реформалар жүргізетін болса, бұл алдағы 10 жылда жиынтық экономикалық өсімді жылына 2 пайыздан астам деңгейге жеткізеді, сондай-ақ 10 миллион жұмыс орындарын құрып, онжылдық соңына қарай жұмыссыздықты 3 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.