Терең ойық пайда болды: Майқайыңдағы құтқарушылардың жұмысы шұғыл тоқтатылды

Майқайыңдағы апат: Ойық түбінде терең шұңқыр пайда болып, құтқарушылардың жұмысы уақытша тоқтатылды
Фото: Видеодан алынды/Павлодар облысы ТЖД

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Ойық түбінде тереңдігі 3 метрдей болатын шұңқыр пайда болған. Кеніші аумағындағы іздестіру-құтқару жұмыстары әзірше тоқтатылды. 

«Экскватор қазып жатқан жерде терең шұңқыр пайда болды. Шұңқырдың түбінде бос кеңістіктер бары байқалады. Экскаватор мен мамандар шұғыл түрде жоғары көтерілді. Ойық түбіндегі топырақтардың төмен опырылып түсіп кетуі қаупі туындағандықтан, жұмыстар уақытша тоқтады», - деп хабарлады өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінен.

Қазір пайда болған шұңқырдың ішіне эндокамера түсіріліп, зерделеніп жатыр.

Соңғы жаңалықтар