Тереңөзекте пластикалық терезе шығарылады

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Тереңөзек кенті орталығында жиһаз жасау цехын ағайынды жеке кәсіпкерлер Ербол Қожанбаев пен Ержан Бекжановтардың ашқанына үшінші жыл.
None
None
Айналдырған екі-үш бөлменің ішінде құрастырылып шығып жатқан бұйымдар шетелдік жиһаздарды көзге елестетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ? Кәсіпті әуелде Қызылорда қаласында бастадық. Кент орталығында да сұраныс болғасын қазір осында жалғастырып жатырмыз,? дейді Ербол мен Ержанның әкесі Ерназар Бекжанов. ? Аудан орталығындағы мектеп пен балабақшалар керекті жиһаздарын сырттан іздемейді, керек тапсырысын бізге беретін болды. Алғаш рет аудандағы әскери бөлім ғимаратына жиһаздар жасадық. Осыдан соң құлақтанған басқа мекемелер де келе бастады.Ағаш өңдеу цехында Бекжановтардан өзге төрт адам еңбек етеді. Орташа жалақы 40 мың теңгенің көлемінде айналып тұр. Шикізат Шымкент пен Қызылордадан алдырылады. Сонымен қатар мұнда талап қылған жастар да үйретіліп, үлкен кәсіпорындарға жіберіледі. Негізінен тапсырыс үй-кеңсе заттарына көбірек беріледі. Сапасына қатты көңіл бөлінетіндіктен болар, күн өткен сайын сұраныс та көбейген. Тұтынушы талғамына қарай кез-келген үлгідегі жиһазға тапсырыс бере алады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум