Тереза ​​Мэй Brexit бағытын өзгертті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның премьер министрі Тереза Мэй 12 сәуір күні Брексит уақытын тағы да созуға тырысатынын айтты. Voxбасылымының жазуынша, ол оппозициялық Лейбористер партиясымен бірігіп жұмыс істейтінін хабарлаған.
None
None

«Мен оппозиция басшысымен келісіп, екі тараптың да көңілінен шығатын шешім табуға тырысамын. Сол арқылы Еуропа Одағынан келісіммен шығуға тырысамыз», - деді Тереза Мэй. Премьер-министр Брексит уақытын 22 мамырға дейін шегеруді сұрайтынын айтты.

Сарапшылардың айтуынша, Тереза Мэйдің бұл мәлімдемесі Брексит стратегиясының өзгергенін көрсетеді. Дегенмен, бұл шешім мәселеге қалай әсер ететіні әлі белгісіз.

Соңғы жаңалықтар