Терезені сындырып кірген: Шымкенттік полицейлер газға уланған ана мен баланы құтқарып қалды

Терезені сындырып кірген: Шымкенттік полицейлер газға уланған ана мен баланы құтқарып қалды
Фото: видеодан алынды

Шымкенттік полицейлер газға уланған ана мен баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Kazinform. 

3 жасар ұлымен үйінде қалған қала тұрғыны газдан улану белгілерін сезінген. Үйінен шығуға әлі жетпеген әйел соңғы күшімен 102-ге хабарласыпты.

Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің инспекторлары Талғат Ибраев пен Медет Тұрлыбеков жетті. Жедел жәрдем бригадасы да дер кезінде көмекке келген.

Тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлері терезені сындырып, баланы сол жерден шығарып алды. Әрі қарай есікті ашып, анасын да қауіпсіз жерге алып шықты.

«Ана мен балаға медициналық көмек көрсетілді. Қазір олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Қажет болған кезде адамдарға көмектесуге асығу – міндетіміз», - дейді Талғат Ибраев.

Соңғы жаңалықтар