Тергеу изоляторларындағы 5 мыңнан астам азамат референдумда дауыс береді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тергеу изоляторларында отырған 5 мыңнан астам азамат референдумда дауыс береді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәлім етілгендей, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес тергеу изоляторларында ұсталатын үкімі заңды күшіне енбеген азаматтар белсенді сайлау құқығына ие.

Мәселен, 16 тергеу изоляторында олардың орналасқан жері бойынша жабық учаскелер құрылған.

«Сайлау процесі өтіп жатқан үй-жайларда тиісті бақылау, күзет және қадағалау қамтамасыз етілді.

Конституцияға енгізілетін түзетулер үшін дауыс беруге республиканың тергеу изоляторларындағы 5 мыңнан астам азамат қатыса алады», - деді ведомстводан.

Тергеу оқшаулағышында орналасқан азаматтар Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер туралы алдын ала хабардар етілген.


Соңғы жаңалықтар