Тергеу оқшаулағышына түскен күдіктінің шашы алынбайды – ҚР ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев тергеу оқшаулағышына қамалған күдіктілерге қатысты қолданылатын жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қолданыстағы бұйрыққа сәйкес, тергеу ошаулағышында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында шаш 1,5 сантиметрге дейін қиылады, тақырлап алынбайды. Аталған бұйрықтың күшін жою туралы шешім қабылдадым. Сот шешіміне дейін, адам колонияға орналасқанға дейін бұл шараға оған қолданылмайтын болады», - деді министрі Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Осы ретте БАҚ өкілдері министрден мұндай шешімның қашан қабылданғанын сұрады.

«Кеше біз консилиум өткіздік», - деп қысқа қайырды Ерлан Тұрғымбаев.

Соңғы жаңалықтар