Күйік шалған баланы тікұшақпен Көкшетауға жеткізді

АСТАНА. KAZINFORM – ТЖМ тікұшағы шұғыл жеткізуді жүзеге асырды. 

Термикалық күйік шалған баланы тікұшақпен Көкшетауға жеткізді
Фото: Видеодан алынған скрин

ТЖМ Қазавиақұтқару ұшқыштары санавиация дәрігерлерімен бірге термикалық күйік шалған баланы Ақмола облысы Степногорск қаласынан Көкшетау қаласының медициналық мекемесіне жеткізді.

Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында бала облыс орталығына сәтті жеткізілді.

ТЖД тікұшақтары елді мекендердің үлкен қашықтығы жағдайында шұғыл медициналық көмек көрсету үшін тұрақты дайындықта тұр. 

Айта кетелік Маңғыстауда жол апатына түскен науқастардың бірі санавиациямен Ақтауға жеткізілді

Соңғы жаңалықтар