Терроризмді әлеуметтік желіде насихаттаған Атырау облысының тұрғыны ұсталды

АТЫРАУ. KAZINFORM - 15 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен Атырау облысының 17 жасар тұрғынын ұстады.

Терроризм
Фото: ҰҚК

Тінту кезінде одан тергеуге қажет материалдар алынды.

«Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Айта кететіні, 2023 жылы бұл азамат осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 2 жылға бас бостандығынан шектеуге жазаланған.

Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырды», — деп жазды ведомстводан.

Бұл ретте, террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.