Терроризмді насихаттады деген күдікпен Қарағанды тұрғыны ұсталды

Кеше, 3 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдары және полициямен бірге Қарағанды облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Kazinform.

терроризм
Фото: ҚР ҰҚК

Ол жұмыс орнында және әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деп айыпталып отыр. 

Тергеу барысында заттай дәлелдемелер алынды.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.