Терроризмді насихаттаған Алматы облысының тұрғыны ұсталды

31 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе Алматы облысының тұрғынын ұстады. Ол терроризм идеяларын насихаттады деп күдіктелуде, деп хабарлайды Кazinform.

ұқк
Фото: ҚР ҰҚК

«Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ҰҚК баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.