Тэйлор Свифт рекорды: Биылғы Грэмми иегерлері белгілі болды
ЛОС-АНЖЕЛЕС. KAZINFORM — Лос-Анжелесте 66-шы Грэмми сыйлығын марапаттау рәсімі өтті, деп жазады ВВС.

«Жылдың үздік альбомы» номинациясындағы «Грэмми» сыйлығы америкалық әнші Тейлор Свифтке бұйырды.
Ол — бұл мәртебелі кубокты төртінші рет алған алғашқы орындаушы. Сыйлық Midnights альбомына берілді.
«Жыл әні» номинациясы бойынша «Барби» фильміндегі «What Was І Made For?» әнінің орындаушысы америкалық Билли Айлиш жеңімпаз атанды.
Марапаттар 2022 жылдың 1 қазаны мен 2023 жылдың 15 қыркүйегі аралығында шыққан әндер мен альбомдарға берілді.
Үміткерлер 94 номинация бойынша ұсынылды.
Ең негізгі сыйлықтар «Жыл әні», «Жыл альбомы», «Жыл жазбасы», «Үздік жаңа орындаушы» номинацияларына берілді.
«Жылдың үздік әні» номинациясына Билли Айлишпен бірге Dance the Night әнімен Дуа Липа, Butterfly композициясымен Джон Батист, A& W әнімен Лана Дель, Flowers орындаушысы Майли Сайрус, Anti-Hero әнімен Тнйлор Свифт сынға түсті.
«Жыл альбомы» номинациясына Тейлор Свифттен басқа Жанель Монэ, Джон Батист, Лана Дель Рей, Майли Сайрус, Оливия Радриго қатысты.
«Жыл жазбасы номинациясын Flowers композициясымен Майли Сайрус жеңіп алды. Flowers трегі өткен жылы Billboard музыкалық чартында сегіз апта бойы бірінші орында болды.
Бұған дейін Сайрус өзінің алғашқы Грэмми сыйлығын «Үздік эстрадалық жеке орындау» номинациясында жеңіп алды.
«Үздік жаңа орындаушы» номинациясына Виктория Моне ие болды.
Тейлор Свифт сондай-ақ «Үздік поп-вокал альбомы» номинациясында марапатқа ие болды.
Әнші сыйлықты қабылдап тұрып, сәуір айында The Tortured Poets Department атты жаңа, 11-ші альбомын шығаратынын хабарлады.
Биыл жеңімпаздар үш жаңа номинация бойынша таңдалды — «Үздік африкалық музыкалық орындау», «Үздік альтернативті джаз альбомы» және «Үздік данс-поп жазбасы».