Тейлор Свифтке арналған кеште үш баланы өлтірген күдікті сот алдында жауап берді
АСТАНА. KAZINFORM—17 жастағы жасөспірімге Саутпорттағы би сабағында үш қызды өлтірді деген айып тағылды. Дүйсенбі күні алты, жеті және тоғыз жасар үш қыз Тейлор Свифтке арналған Hart Space іс-шарасында пышақ шабуылынан қаза тапты. Тағы сегіз бала пышақ жарақатын алды, екеуі ауруханадан шығарылды, бірақ бес баланың жағдайы әлі ауыр. Екі ересек адам да ауыр жарақат алды, деп жазады ВВС.

Сондай-ақ, жасөспірімге кісі өлтіруге оқталғаны үшін, сондай-ақ суық қаруды заңсыз сақтағаны үшін айып тағылды.
Бейсенбі күні күдікті Ливерпульдің корольдік соты алдында жауап берді. Сотта оның жеке басы туралы мәліметтерді жариялауға тыйым салынды.

Енді үш кісі өлтірді деп айыпталған 17 жастағы жасөспірім 2006 жылы 7 тамызда туған Аксель Муганва Рудакубана екенін айта аламыз. Кардифте туған британ азаматы.
Шабуыл жасау себебі әлі белгісіз.
Іс бойынша келесі сот отырысы қазан айының соңында өтеді. Айыпталушы оған дейін қамауда болады.
Оқиға елде кең резонансқа ие болды. Алдымен Саутпортта, содан кейін Ұлыбританияның басқа қалаларында жаппай наразылыққа ұласты.
Айта кетейік, бұған дейін Англияда Тейлор Свифтке арналған кеште әлдебіреу балаларды пышақтап өлтіргенін хабарлаған болатынбыз.