Тез тамақтану жүйесінің «Red Dragon» қазақстандық бренді шетелдік нарықты табысты игеруде

МӘСКЕУ. 7 қазан. ҚазАқпарат - «Red Dragon» қазақстандық компаниясы франчайзинг бойынша Халықаралық Мәскеу форумына қатысты.
None
None

«Red Dragon» иелерінің бірі Тимур Авершин компания бизнесті жүргізудің үш түрін ұсынатындығын айытты. Олар фаст-фуд, фуд-корттар және ресторандар.

«Компания 2009 жылы құрылған және бүгінгі күні Қазақстан мен Ресейде тіркелген. Біз өз өнімдерін шетелге сатуға шығарған бірінші қазақстандық сауда маркасы болып табыламыз. Бүгінгі күні «Red Dragon» Красноярск және Ростов-на-Дону қалаларында жұмыс істеуде. Енді Мәскеу мен Санкт-Петербург нарығының тамырын ұстап көрмекшіміз», - деді ол.

Біздің брендіміз Қазақстаннан сырт жақтарға жақсы таныс, Улан-Удэ, Тюмень сияқты қалалардың кәсіпкерлері біздің бизнеске қызығушылық танытуда. Бізді Ресейдің франчайзинг қауымдастығына мүше болуға шақырды.

Қазір «Red Dragon» Алматыда жұмыс істеуде, жақында Астана, Ақтөбе және Ақтау қалаларында филиалдар ашу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар