04:34, 03 Сәуір 2017 | GMT +5
Тежеуіш майынан уланған мысық арақ ішіп есін жиды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның астанасы Лондонда тежеуіш сұйықтығын жалап уланған мысықты арақ құтқарды.

Бұл туралы En sonhaber хабарлады.
Лондон тұрғыны Тереза Коррейра Марияның «Ханзада» есімді 7 жастағы мысығы аулаға төгіліп, кейін үстіне жұққан техникалық майды жалап уланған. Ветеринариялық ауруханаға ес-түссіз жеткізілген мысықтың өміріне араша түсу үшін мал дәрігері жақын маңдағы дүкеннен алкоголь ішімдігі - арақты сатып алған.
Әдетте хайуанаттар үшін өте қауіпті саналатын алкоголь ішімдіктерін уланғаннан кейін қолданатын болса, этиленгликольге қарсы у қайтарғы ретінде әсер ететіні белгілі. 24 сағат бойы қарқынды терапия бөлімінде жатқан Ханзада есін жиды.
«Хайуандарға ешқашан да алкоголь ішімдіктерін беруге болмайды. Бірақ Ханзаданы құтқару жолында бұл біздің соңғы мүмкіндігіміз еді», - дейді мал дәрігері Хизер Лох.