Tez.kz туроператорының туристері Қазақстанға қайтарылады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі «Туристік Қамқор» КҚ ақпараты бойынша TEZ.KZ туроператоры қызметін тоқтатқанын хабарлады. 

елге қайтады
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Аталған туроператор ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қатысушысы cаналады. Бүгінде шетелде бұл туроператордан 300-ден астам қазақстандық турист бар.

Мәселені шешу үшін ҚР Туризм және спорт министрлігі мүдделі тараптармен жедел кеңес өткізді. Осылайша, министрліктің қолдауымен TEZ.KZ туроператорының барлық туристі Қазақстанға туроператордың кепілдік жүйесінде жинақтаған қаражаты есебінен қайтарылады. Кепілдендірілген қайтарудың алғышарты - туркодының болуы.

Туристерге туристік өнімде көрсетілген келу күндеріне сәйкес Қазақстанға қайту билетімен қамтамасыз етіледі.

2016 жылдан бастап туроператор сататын әрбір турда ТУРКОД болуы керек - бірегей әріптік-цифрлық мән. Туркодтың әрекеті Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен кезден басталады және туроператордың өз міндеттемелерін орындауы/орындамауы мүмкін болмаған жағдайда тез арада қайтарылуына кепілдік береді. Әрбір ұйымдасқан турист оны талап етуі керек. 

Қордың негізгі мақсаты - турист саналатын Қазақстан Республикасының азаматтарының туроператордың өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда уақытша болатын елден Қазақстан Республикасының аумағына тез оралуын қамтамасыз ету.

Туристердің қайтарылуы бойынша барлық сұраққа қатысты төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

1) «Туристік қамқор» КҚ директоры - Есилов Асылхан Бурамбекович, тел. 74-51-58, +7-701-534-05-08;

2) ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің Басқарма басшысы - Ауезов Меиржан Ибадуллаевич, тел. 74-07-71, +7-701-553-20-64.

Соңғы жаңалықтар