Тиімді девальвацияның пайдалы жақтары

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат – Қазақстанда теңгенің девальвациялануы сарапшылар қоғамдастығында кең пікір туғызып отыр. ҚазАқпарат БАҚ беттерінде осы тақырыпқа байланысты айтылған жекелеген топтамаларды оқырмандар назарына ұсынады.
None
None
«Елдің мұнай экспортынан түсетін кірістері төмендеуде және мемлекет резерві жұмсалған шығындарға қарағанда айтарлықтай баяу толықтырылуда. Осы тұрғыда девальвация бір оқпен екі қоянды атып алуға ? экспортқа шығарушылардың түсімдерін арттыруға және мемлекеттік резервтің шығыстарын қысқартуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, девальвация тауар экспортын арттыру үрдісін нығайтады. Экспортқа шығарушылардан басқа ол ішкі рынокқа бағдарланған қазақстандық өндірушілерге сүйеу болады. Тамақ өнеркәсібіндегі көрсеткіш осыған дәлел бола алады.Ресейде соңғы айларда Орталық банк ұлттық валютаның бағамын белсенді түрде төмендетті. Осының нәтижесінде ресейлік тауарлар арзандаудың есебінен Қазақстандағы ұқсас жағдайға қатысы бойынша бәсекелестік басымдыққа ие болды. Азық-түлікті отандық өндірушіден сатып алғанға қарағанда импорттау барынша тиімді болды. Қазір девальвация жағдайды олардың пайдасына шешеді деп үміттенуде», ? деп жазады Бизнес & Билік басылымы (2009 жылғы ақпанның 10-ы. № 237 шығарылым).«Теңгенің девальвациясы Қазақстанның қор биржасына сөзсіз жағымды әсерін тигізді. Нәтижесінде небәрі үш күн ішінде ? сәрсенбіден жұмаға дейінгі аралықта ? KASE индексі 8,12 пайызға қалпына келтіріліп, соңғы он үш аптаның ішінде ең жоғары өсімді көрсетті. Бұдан басқа, қазақстандық экспорттаушы компаниялар да еңсесін тіктеп алды. Олардың кейбіреулері ағымдағы жылға арналған өндірісті жоспарлауды қазірдің өзінде қайта қарауда, демек бұл, жұмыссыздықтың өсуін тоқтатуға болады деген сөз. Теңгенің девальвациясы дағдарысты жеңу жолындағы ең сенімді қадам болып табылады», ? делінген www.liter.kz сайтында (11.02.2009).«Теңгенің девальвациясын жүргізу әлемдік дағдарыстың салдарларын жеңу жолындағы біздің еліміз Үкіметінің жасаған оң қадамы болды. Ішкі тауарлардың құнына біршама қысым жасау көрші елдер, әсіресе Ресей мен Қытай валюталарының девальвацияландылуына байланысты болды. Осындай жағдайларда Қазақстанға өзінің алтын-валюта қорын сақтап қалу және төлем баланстарын жақсарту, бәсекеге қабілеттілігін және отандық тауарлардың экспорттық тартымдылығын күшейту, ел экономикасына шетелдік инвестициялардың ағынын ынталандыру керек болды», ? деп ой қорытады www.vkurse.kz сайтында (11.02.09) ҚР Білім және ғылым министрлігі Экономика институтының директоры, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Оразалы Сәбден.«Қазіргі жағдайда девальвацияның болуы сөзсіз еді. Ұлттық Банктің теңге бағамын бір сәттік босаңсыту пайдасына таңдауын макроэкономикалық көзқарас тұрғысынан түсіндіруге болады. Сонымен қатар, мұндай қадамға бару арқылы, Ұлттық Банк ішкі валюта рыногын шетелдік, алыпсатарлық ниеттегі қаржы институттарының араласуынан барынша шектеді. Олар валюта бағамдарының жағдайларын тұрақсыздандыруға әкелген болар еді», ? деп санайды Қазкоммерцбанк қазынашылығының шетел валюталарымен және бағалы металдармен операция жүргізу басқармасының бастығы Евгений Михайлов.«Қазақстан азаматтарына берілген әлеуметтік кепілдіктер одан әрі сөзсіз орындалуы әбден мүмкін. Теңге девальвациясынан екі апта өткеннен кейін мынаны ? осы оқиғадан кейін бірден өз мойнына алған барлық міндеттемелерді республика Үкіметінің орындайтынын мәлімдеді. Қолданылатын іс-шаралардың жаманы жоқ», ? деп жазады Николай Лимов www.izvestia.kz сайтында (2009 жылғы ақпанның 13-і).«Теңге девальвациясы валюталық және елдік белгілері бойынша қоржындары әртараптандырылған Жинақтаушы зейнетақы қорының кірістеріне қазірдің өзінде жағымды әсер етіп отыр. Ұзақ мерзімді перспективада зейнетақы ұтуы мүмкін. Теңгенің әлсіреуі KASE индексіне және шоттары мен депозиттері орналастырылған банктер тізіміне енетін экспорттаушы компаниялардың үлестік және борыштық қағаздарын тартымды ете түсті.Девальвациядан экспорттаушы компаниялар ұтады. Қазіргі жағдайда олардың түсімдерінің деңгейі артты. Бұл өздерінің міндеттемелерін жабатындығын және кірістерінің деңгейін арттыруға қабілеттілігін танытады. Нәтижесінде олардың акцияларының құны өсті және келешекте осы эмитенттер үлестік қағаздары бағасының артуына оң ықпал етеді деп күтуге болады. Әрине, бұдан экспорттаушы компаниялардың акциялары бар қоржындардағы қорлардың кірістілігі арта түспекші», ? деп санайды «Ұлар Yмiт» жинақтаушы зейнетақы қорының төрайымы Гүлнар Әлімғазиева.
Соңғы жаңалықтар