00:23, 24 Маусым 2016 | GMT +5
Тікесінен тік жүретін аю ғаламтор жұлдызына айналды (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та ғаламтор пайдаланушылары адам секілді тік жүретін аю түсірілген видеоны кеңінен талқылауда. Аюды көріп бейнежазбаға түсіріп алған куәгер шағын роликті Фейсбукте жария етті.

AP агенттігінің хабарлауынша, видео елдің Оук-Ридж (Нью-Джерси штат) қаласында 20 маусымда түсірілген. Видеода азяқ іздеп үйлердің арасын тіміскілеген екі аяғымен тік жүрген қоңыр аюды көруге болады.
Бұл аю былтыр шілде айында жұрт назарына іліккен.
Сонда қоңыр жануардың амалсыздан екі аяғымен тік жүретіндігі белгілі болды. Аюдың алдыңғы оң аяғының басы жоқ, сол аяғы да жарақат алған. Сол себепті жыртқыш төрт аяғын тең баса алмайды.
Білетіндердің айтуына қарағанда, аю көлік қағып кетіп жарақат алған.
Кейін аю қысқа қарай жұрт көзіне түспей кетті. Белсенділер ол қыстан тірі шықпады деп алаңдаған. Соңғы бейнежазбада аю тың әрі күйлі екендігі көрініп тұр.