Тікұшақ араб ханзадасының сахарадағы үйлену тойының шырқын бұзды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сахарадағы үйлену тойына келген Біріккен Араб Әмірліктері ханзадасының тікұшағы қанаттарынан шыққан қатты жел қонақтарды қатты әбіржітті, деп хабарлайды Daily Mail.
Тойға шақырылғандар атақты күйеудің келген сәтін тамашаламақ болған, алайда тікұшақтың қонған сәтінде айналып тұрған қанаттарынан көтерілген күшті жел мен бораған құмнан олар тым-тырақай бастарын ала қашты. Сондай-ақ стол қайысқан тамақ бүлініп, тігілген шатырлар қирады.