Тіл мәселесі заңмен қорғалады

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда облысы республикада бірінші болып іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіріп, игі бастама жасағаны белгілі,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда аймақта іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу барысында бәсеңдік танытып отырған мемлекеттік орган жоқ. Шешімдер мен бұйрықтар, есептер мен жиналыстар, мекемелер арасындағы хат алысу - барлығы мемлекеттік тілге көшірілген.

       Прокуратура іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшірген алғашқы органдардың қатарына жатады. Сонымен бірге біз, өзге мекемелерге өнеге көрсетіп, үгіт-насихат жүргізуді де борышымыз деп санаймыз. Осы орайда қалалық прокуратура қала әкімдігіне қарасты бөлімдердің "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы талаптарының сақталуына тексерулер жүргізіп, бірқатар кемшіліктерді анықтады.

Заңға сәйкес мемлекеттік органдар актілері мемлекеттік тілде әзірленіп, қабылданады. Қажет болған жағдайда, басқа тілдерге аударылып, оларды әзірлеу орыс тілінде жүргізілуі мүмкін.

Қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қызметінде аталған заң талабы бұзылып, кейбір бұйрықтар тек орыс тілінде әзірленетіні анықталды. Сондай-ақ қала аумағында орналасқан сауда орындары, кафелер, мейрамханалар, клубтар, түрлі тұрмыстық қызмет көрсету орындарының сыртқы  маңдайша жазулары, қасбеттеріне ілінген жарнамалары, түрлі деректер мен көрнекі ақпараттардың заң талаптарына сәйкестігін анықтау бағытында рейд жүргізілді.

Бұл талаптар Абай даңғылында орналасқан  "Лист" ательесінде, "MATADOR SPORT",  "DOLSE VІTA" дүкендерінде "Ерке" кафесінде, А.Тоқмағамбетов көшесінде орналасқан "Оазис", "SELA" киім дүкендерінде және тағы да көптеген сауда орындарының маңдайшаларын рәсімдеу барысында сақталмағандығы анықталды. Сонымен қатар көптеген нысандардың маңдайша жазулары, жарнамалары қалаған тілде немесе тек орыс тілінде ғана жазылған. Олардың қазақ тілінің әдеби нормаларына қайшы келетіні және орыс тілінен сауатсыз аударылғандығы белгілі болды.

Тексеру барысында анықталған жағдайлар бойынша кінәлі қызметкерлер тиісті жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар