Тіл үйрету орталықтарының өкілдері Астанада бас қосты

АСТАНА.  Желтоқсанның  23-і. ҚазАқпарат /Гүлнәр  Жандағұлова/ -  Қазақстанның  барлық өңірлеріндегі    тіл үйрету  орталықтарының  өкілдері  бүгін Астанада бас қосты.      Олар  халыққа  мемлекеттік  тілді   оқытудың   жедел және     оңтайлы    әдістерін   талқылауда.
None
None

Шараны  ұйымдастырушы - Ш.Шаяхметов атындағы  Тілдерді дамыту жөніндегі    республикалық   үйлестіру-әдістемелік  орталығының   айтуынша,  бұл  басқосуды  өткізудегі мақсат -  әдістерді  игеру және     мемлекеттік  тілді      оқытуды қалай    жетілдіруге  болатынын  түсіну,  сондай-ақ      облыстардағы тіл   үйрету орталықтарының     жұмыс  тиімділігін арттыру  және     2010   жылдың   жұмыстарын  жоспарлау.

Аталмыш шара   Елбасы Н.Назарбаевтың  Қазақстан халқы Ассамблеясының XV  сессиясында      айтылған «мемлекеттік тілді  оқыту  орталықтары  желісін кеңейту,    әр қалада  және әр аудан орталығында,  жоғары оқу  орындары мен басқа  да  мекемелерде    осындай  оқу  орталықтарын ашу туралы»   тапсырмасының аясында   өткізіліп  отыр.

Конференцияға     өзара тәжірибелер мен    әдістемелер  алмасу үшін  оқу орталықтарының  басшылары мен әдіскер-оқытушылары шақырылып   отыр.   Шара  Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің  қолдауымен ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар