Тимофей Скатов Бухаресттегі турнирді сәтті бастады

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші, әлемнің 175-ракеткасы Тимофей Скатов Бухарест (Румыния) ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады.

Скатов
Фото: ҚТФ

Қазақстандық спортшы іріктеу сайыстарының жартылай финалында дүниежүзілік рейтингіде 320-орында тұрған украиналық Олег Приходьконың мысын басты. Скатов 6:4, 6:3 есебімен екі сетте жеңіске жетті.

Бір сағат 41 минутқа созылған бәсеке барысында Тимофей 1 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Приходько 4 эйс, 1 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Скатов іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 189-ракеткасы, молдовалық Раду Алботпен шеберлік байқасады. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.
Отандасымыз 27 наурыз күні Жирона (Испания) челленджер турнирінің екінші айналымында дәл осы Р. Алботты 6:4, 3:6, 7:6 (7:3) есебімен жеңген еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың Мексикадағы жарыстың финалына шыққанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар