19:40, 10 Тамыз 2025 | GMT +5
Тимофей Скатов Германиядағы турнирдің финалында сүрінді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 308-ракеткасы Тимофей Скатов Бонн (Германия) челленджер турнирінің финалында өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшы соңғы бәсекеде әлемнің 185-ракеткасы, аустриялық Юрий Родионовпен чемпиондық атаққа таласты.
Скатов матчты сәтті бастады — 6:3. Алайда сол қарқынын жалғастыра алмады — 2:6, 4:6.
Екі сағат 15 минутқа созылған тартысты бәсекеде Скатов 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Родионов 15 эйс, 6 брейкпен (14 брейк'-пойнт) көзге түсті.
Аталмыш жарыста финалға дейін жеткен Тимофей Скатов ATP Live рейтингісінде 259-орынға көтеріліп тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Германиядағы жарыста сенсация жасап, финалға шыққанын жазған болатынбыз.