Тимофей Скатов Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші, әлемнің 305-ракеткасы Тимофей Скатов Бонн (Германия) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Тимофей Скатов
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 260-ракеткасы, румыниялық Филип Кристиану Жиянумен кездесті.

Бірінші партияда Скатов тай-брейкте сәтті ойнады - 7:6 (7:0).

Екінші сетте Тимофей айқын басымдылық көрсетті - 6:1.

Бір сағат 22 минутқа созылған бәсекеде Скатов 4 эйспен бірге 4 брейк-пойнтты мүлт жібермеді. Жияну 1 эйс, 2 брейкпен шектелді.

Тимофей Скатов жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 825-орындағы болгариялық Янаки Милевпен таласады.

Осы жарыста Дмитрий Попко - Денис Евсеев жұптық сында алғашқы қарсыластарын жеңіп, ширек финалға өтті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің жасөспірімдер арасында алғашқы титулына қол жеткізгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар