Тимофей Скатов Германиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 308-ракеткасы Тимофей Скатов Бонн (Германия) челленджер турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Скатов
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 802-орында тұрған болгариялық Янаки Милевке дес бермеді.

Бірінші партия 6:0 есебімен аяқталды. Екінші сетте есеп 3:0 болған мезетте болгариялық теннисші матчты жалғастырудан бас тартты.

Небәрі 47 минутқа созылған бәсекеде Скатов 4 эйспен бірге 4 брей-пойнтты пайдаланып үлгерді.

Тимофей Скатов финалға шығу үшін әлемнің 107-інші, осы жарыстың 2-ракеткасы, бельгиялық Рафаэль Коллиньонмен таласады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 295-ракеткасы Жібек Құламбаева Куршумлийска Баня (Сербия) ITF W35 турнирінің ширек финалында сүрінді. Ол рейтингіде 787-сатыдағы ресейлік Дарья Астаховадан жеңіліп қалды – 4:6, 0:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гарростың іріктеу турнирінде екі теннисшінің финалға жолдама алғанын жазған едік. 

Президент кубогында Аружан Сағындықова жартылай финалға шықты.

Соңғы жаңалықтар