Тимофей Скатов Италиядағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 308-ракеткасы Тимофей Скатов Тоди (Италия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты. 

Скатов
Фото: skatov_timofey/Instagram

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемдік рейтингіде 592-орындағы италиялық, 20 жастағы Филиппо Романомен бетпе-бет келді.

Италиялық спортшы матчты сәтті бастады — 6:3.
Екінші сетте Скатов бет қаратпады — 6:0.
Содан кейін матчты жеңіспен түйіндеді — 6:4.

Екі сағат 7 минутқа созылған бәсекеде Скатов 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Романо 7 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Тимофей Скатов жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 594-сатыдағы италиялық Джанмарко Ферраримен таласады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Президент кубогында Асылжан Арыстанбекованың ширек финалға өткенін жазған едік

Соңғы жаңалықтар