16:37, 13 Мамыр 2024 | GMT +5
Тимофей Скатов Тунисте негізгі турнирге жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 247-ракеткасы Тимофей Скатов Тунистегі челленджер турнирінің іріктеу сынын сәтті аяқтады.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингіде 405-орында тұрған нидерландылық Макс Хаукеспен кездесті.
Бірінші партияда 4:3 есебімен Т.Скатов алда тұрған кезде М.Хаукес бәсекені жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, Тимофей Скатов жүлде қоры 82 мың АҚШ долларына бағаланған негізгі жарысқа жолдама алды.
Т.Скатовтың негізгі додадағы қарсыласы кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Тунис пен Португалиядағы жарысты сәтті бастағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Шымкент қаласында жасөспірімдер әлем чемпионатына іріктеу турнирі басталды.