Тимофей Скатов Үндістандағы турнирдің финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — — Қазақстандық теннисші, әлемнің 235-ракеткасы Тимофей Скатов Бангалор (Үндістан) челленджер турнирінің финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 167-ракеткасы, франциялық Гарольд Майомен соңғы бәсекенің жолдамасын сарапқа салды.
Қарсыласының рейтингіде жоғары тұрғанына қарамастан, Т.Скатов 6:4, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.
Бір сағат 15 минутқа созылған матчта Скатов 3 эйспен бірге 2 брейк-пойнттан шашау шығарған жоқ. Майо 6 эйс жасағанымен, 2 брейк-пойнтты пайдалана алмады.
Тимофей Скатов финалда әлемнің 96-ракеткасы, испаниялық Педро Мартинес Портеромен кездеседі.
Т.Скатов қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 195-орынға көтеріліп, ТОП-200-ге кіріп тұр.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 313-ракеткасы Михаил Кукушкин Ноттингем (Ұлыбритания) челленджер турнирінің финалына шыға алмады. Ол жартылай финалда 233-ракеткасы, корт иесі Йоханнус Мандэйге есе жіберді — 4:6, 2:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Гонконг турнирінің жартылай финалына өткенін жазған едік.
Брисбен турнирінде Елена Рыбакина жартылай финалдан тыс қалды.