Тимофей Скатов жұптық сында Германиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисші испаниялық Карлос Табернермен бірге екі кездесуін сәтті өткізді.
Қазақстандық-испаниялық жұп алдымен италиялықтар Франко Агаменоне – Франческо Пассароны 4:6, 7:5, 14:12 есебімен тізе бүктірді.
Т.Скатов пен К.Табернер бүгін ширек финалда белоруссиялық Иван Лютаревич – украиналық Владислав Манафовпен шеберлік байқасып, тартысты бәсекеде 0:6, 7:6 (7:3), 11:9 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық-испаниялық дуэттің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Т.Скатов жекелей сында екінші айналымда ливандық Бенджамин Хассаннан айласын асыра алмады – 4:6, 6:3, 3:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілер Уимблдонда қанша табыс тапқанын жазған едік.
Елена Рыбакина енді АҚШ-тағы турнирлерге дайындалатынын айтты.
Даниал Рахматуллаев әлемдегі үздік 200 жас теннисшінің қатарына кірді.