Тимур Құлыбаев Kazenergy басшылығынан кетіп, орнына Мағзұм Мырзағалиев сайланды

Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы қызметіне Мағзұм Мырзағалиев сайланды, деп хабарлайды Kazinform

тимур құлыбаев
Фото: olympic.kz

Бұл шешім 8 желтоқсанда Алматы қаласында өткен KAZENERGY кеңесінің отырысында қабылданды.

KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2005 жылдың 2 қарашасында құрылған. Содан бері оған кәсіпкер Тимур Құлыбаев басшылық жасап келген болатын. 

Бүгінде қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібі салаларындағы компанияларды біріктіреді.

«Қауымдастықтың мақсаты — әлемде және елімізде энергетикалық және экологиялық саясаттағы өзгермелі басымдық жағдайында ҚР энергетика саласының (мұнай-газ және электр энергетикасы) тұрақты және теңгерімді дамуына жәрдемдесу» дейді компанияның баспасөз қызметі. 

Қауымдастық төрағасының лауазымы — қоғамдық жұмыс, оған жалақы төлеу қарастырылмаған. 

Соңғы жаңалықтар