Тимур Құлыбаев пен Абылай Мырзахметов кәсіпкерлермен кездеседі - Қызылорда
Жүздесуге Байқоңыр қаласы бойынша ҚР Президентінің арнайы өкілі Серік Қожаниязов, Сыр елінің бизнес-қоғамдастығы мен Кәсіпкерлер кеңесі қатысады. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Абсаттаровтың өңірлік Палата қызметінің жоспарлары мен жұмыс нәтижелері туралы баяндамасы тыңдалады.
Өңірлік кеңес Төрағасы Асқар Махамбетов Қызылорда облысының кәсіпкерлікті дамыту мен шағын және орта бизнеске қолайлы инфрақұрылымды қалыптастыру жайымен хабардар етеді. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес субъектілері туралы облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы тоқталып өтпек.
Басқосуда ҚР ҰКП І съезіне орай Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының пікір-ұсыныстары жете талқыланады деп күтілуде.