Тимур Мұратов зардап шеккен фельдшер жайында: Жағдайы өте ауыр

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов елордада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлау салдарынан зардап шеккен фельдшердің жағдайы туралы айтты.

Скорая помощь, Жедел жәрдем
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

— Шынын айту керек, әріптесіміз жас фельдшер маманның жағдайы өте ауыр. Жан жақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Барлық денсаулық сақтау жүйесі, мамандар бірігіп, консилиум арқылы шешім қабылдап, көмек көрсетіп жатырмыз. Әріптесіміз аруханаға түскен күні ота жасалып, реанимациялық көмек көрсетілді. Қазір қаламыздағы үлкен ауруханалардың бірінде емін жалғастырып жатыр, — деді вице-министр Үкімет отырысынан кейінгі брифинг барысында.

Оның айтуынша, қалған зардап шегушілер де толық көлемде ем алып жатыр.

— Бір науқастың жағдайы ауыр, ол да жан сақтау бөлімінде. Қалғандары тиісті емін толық көлемде алуда, — деді Тимур Мұратов.

Естеріңізге сала кетсек, 8 қарашада елордада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлап, салдарынан 5 адам зардап шекті.

Зардап шеккендердің бәрі № 1 көпсалалы ауруханаға жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар