Тимур Шиниязов БҚО-ның Жәнібек ауданына әкім болды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық маслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес Жәнібек ауданының әкімі лауазымына Тимур Шиниязов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: БҚО әкімдігі

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Тимур Серікұлы 1983 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «қаржы және несие» және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Жәнібек аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы болып бастаған.

Әр жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратында бас маман, кейін бөлім меңгерушісі, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің меңгерушісі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі, Орал қаласы «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры, Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары, БҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, БҚО әкімі аппараты бақылау бөлімінің бас инспекторы болды.

2020 жылғы сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті.

Бұдан бұрын Альмира Төлегенованың БҚО жұмыспен қамту басқармасының басшысы болғанын жазған едік. Ал Нұрділдә Ораз БҚО қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Бүгін Мұрат Өмірәлиев Шыңғырлау ауданының әкімі лауазымына кірісті.


Соңғы жаңалықтар