Тимур Сүлейменов Freedom Bank-тен кешбэк алған клиенттердің салық декларациясын тапсыруы туралы пікір білдірді

АСТАНА. KAZINFORM –Сенат отырысынан кейін журналистер Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтен Freedom Bank-тен кешбэк алған клиенттердің неге салық декларациясын тапсыруға міндеттелгенін сұрады. 

Тимур Сүлейменов Freedom Bank-тен кешбэк алған клиенттердің салық декларациясын тапсыруы туралы пікір білдірді
Фото: freepik.com

— Бізде салық заңнамасы баршаға ортақ. Егер табыстың қандай бір түрі салық кодексі тұрғысынан салық салынатын табыс болып есептелсе кімнің банк картасы, қандай қаржылық өнім екеніне қарамайды, — деді ол.

Тимур Сүлейменов Freedom-ның кешбэгі неге құнды қағаз болып есептелетінін салық органдарынан нақтылау керектігін айтты.

Ал кеше Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов елде ірі салық төлеушілерге мониторинг жүйесіз жүргізілетінін сынаған еді

Соңғы жаңалықтар