Тимур Сүлейменов мұнай бағасына болжам жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мұнайдың алдағы 5 жылдағы бағасына болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
None
None

«Ағымдағы жылдың 7 айында мұнай бағасы барреліне 51,7 АҚШ долларын құрады. 2016 жылы 44 доллар болған еді. 2017 жылға арналған консенсус-болжамға сәйкес мұнай бағасы 53,5 доллар, 2018 жылы 55,3 доллар болып, онан ары орта мерзімді келешекте біртіндеп өседі деп болжануда», - деді министр.

Оның айтуынша, ішкі және сыртқы параметрлердің өзгеруіне байланысты Қазақстан экономикасы дамуының үш мүмкіншілікті сценарийі әзірленген.

«Оптимистік сценарий 2018-2022 жылдары мұнайдың баррелі 55 АҚШ долларына дейін өседі деп болжайды. Ал пессимистік сценарий бойынша мұнай бағасы 35 АҚШ долларына дейін құлдырайды. 2018-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және 2018-2020 жылдарға арналған бюджетітк параметрлерді қалыптастыру негізіне мұнайдың консервативтік бағасы 45 АҚШ доллары болған кездегі базалық сценарий алынды», - деді Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар