Тимур Сүлейменов: Үкіметтің тариф реформасын уақытша шегергені орынды шешім болды

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкіметтің коммуналдық тарифтерді көтеру шарасын кейінге қалдыру туралы шешімін уақтылы әрі орынды қадам деп бағалайтынын айтты.

Ұлттық банк
Фото: Ұлттық банк

Айтуынша, бұл шешім елдегі бағаны тұрақтандырып, инфляцияға түсетін қысымды бәсеңдетеді.

– Реформа басталған кезде өршіл қарқын меже етіп алынған болатын. Енді соны қайта қарау керек болып тұр. Біз Үкімет солай істегеніне қуаныштымыз. Тарифтің қарқынды өспегені инфляцияның ахуалына әсер етеді, - деді Тимур Сүлейменов.

Сондай-ақ, ол тариф реформасы басталған кезде салық саясаты қалай өзгеретіні айқын болмағанын айтады. Оған сыртқы экономиканың ахуалы, сауда режимдерінің құбылуы қосылған.

- Бизнес жылудың немесе электр қуатының ақысының өскенін көргенде өзі көрсететін қызмет пен өндіретін тауарға да баға қосады. Сондықтан тарифті біртіндеп, бақылай отырып көтерген маңызды, - деді Ұлттық банк басшысы.

Еске салайық, бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы өзгеріссіз қалдырды.

 

Соңғы жаңалықтар