Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің KASE мен AIX-ті біріктіру бойынша ұстанымын түсіндірді
АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық банк Қазақстан қор биржасы (KASE) мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасын (AIX) біріктіру процесін тоқтатқан жоқ. Өйткені оларды біріктіру туралы ресми ұстаным болған жоқ.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов БАҚ өкілінің сұрағына осылай жауап берді.
— Біз бұл сұрақты әлдеқайда кеңірек қарастырғымыз келеді. Режимді өзгертпестен, ешқандай жеңілдікті жоймастан келу керек. Жалпы салық, валюта периметрлерін біріктіретін уақыт келді. Жақын арада біз бұл мәселемен айналысамыз. Біз KASE мен AIX-ті біріктірілетіні туралы ешқашан айтқан емеспіз. Бұл жерде әңгіме әлеуеттерді біріктіру туралы болып тұр, — деді Тимур Сүлейменов.
Айта кетсек, әлеуметтік желі мен жекелеген БАҚ-та екі қаржы алаңын біріктіру процесі күрт тоқтағаны туралы жаңалық тараған еді.
Еске Тимур Сүлейменов салсақ экономикадағы ақшаның қымбаттығы ипотека шарттарын қайта қарауға негіз болуы мүмкін екенін айтқан еді.