Тимур Сүлейменов үш жылдық инфляция болжамын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылы инфляция 9,5-11,5 пайыз аралығында қалыптасуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

Инфляция
Фото: Kazinform/ Freepik

— Осы және алдағы жылға жоспарланған инфляция болжамы қазіргі макроэкономикалық жағдайларды ескере отырып қайта қаралды. Жаңартылған бағалау деректеріне сәйкес, 2025 жылы инфляция — 10,5-12,5, 2026 жылы 9,5-11,5 пайыз аралығында қалыптасуы мүмкін деп күтілуде. Бұл болжамдар азық-түлік бағасының өсуіне, және сұранысқа қарай жоғары проинфляциялық қысымның қалыптасуына байланысты қайта қаралды. 2027 жылға арналған болжам 5,5–7,5 пайыз деңгейінде сақталды. Бұл жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатының дезинфляциялық әсері күшейген сайын және Үкімет тарапынан қаржылық саясаттың қатаюына қарай инфляцияның мақсатты дәңгейге біртіндеп оралуы күтуді білдіреді, — деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, инфляцияның тұрақты компоненті, яғни реттелетін бағаларды, жанар-жағармай бағасы мен басқа да құбылмалы факторларды шегергендегі инфляция болжамдық кезеңнің соңына, яғни 2027 жылға қарай 5 пайыздық мақсатты деңгейге жетеді.

— Инфляция болжамына қатысты тәуекелдер ішкі сұраныстан қалыптасқан қысымның күшейе түсуімен, сыртқы ортадан келетін теріс әсерлердің артуымен байланысты. Оның ішінде Ресейдегі инфляцияның қарқын алуы, реттелетін бағалардың өсуі және олардың инфляциялық күтулер мен инфляцияның орнықты бөлігіне тигізетін жанама әсері бар, — деді ҰБ төрағасы.

Сондай-ақ ол базалық мөлшерлеме деңгейін сақтау себебін түсіндірген еді.

Соңғы жаңалықтар