Жеткізілмеген парашюттер үшін Тимур Турловтың компаниясына 694 млн теңге төлеу міндеттелді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қалалық сотының Апелляциялық сот алқасы Тимур Турловқа тиесілі «Freedom Finance Insurance» СК» АҚ-ға 694 млн теңге сақтандыру өтемақысын төлеуді міндеттеу бойынша шешім шығарды. Бұл туралы қала прокуратурасы мәлім етті. 

мемлекеттік сатып алу
Фото: freepik.com

Қала прокуратурасының апелляциялық өтінішхаты бойынша Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың «Қазарнаулыэкспорт» ШЖҚ РМК-ның «Freedom Finance Insurance» СК» АҚ-ға «Kaz-NJ» ЖШС-ның парашют жабдығын жеткізуге тараптар арасында жасалған мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарт шеңберінде орындалмаған міндеттемелері үшін сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешімінің күші жойылды.

Алматы қалалық сотының Апелляциялық сот алқасы Freedom Finance Insurance СК АҚ-ны 694 млн теңге көлемінде сақтандыру сомасын төлеуге міндеттеу туралы шешім қабылдады.

Сол арқылы квазимемлекеттік сектордың материалдық мүдделері қорғалды.

Көрсетілген соманы Серіктестік толық көлемде төледі, - делінген хабарламада. 

Осыған дейін Бас прокуратура Қожамжаровтың «Қорғас ісіне» қатысы барын растады.

Соңғы жаңалықтар