Тың игерушілер сарайы: елорданың көрнекті ғимаратының заманауи келбеті

Көлемі мен жабдықталуы жағынан Целиноградта өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған Тың игерушілер сарайы КСРО-да Кремльдің Съездер сарайынан кейінгі ең үлкен ғимарат болып саналды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Тың игерушелер сарайы: елорданың көрнекті ғимаратының заманауи келбеті
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

1960 жылдары Целиноград тың игерудің орталығы ғана емес, сонымен қатар ауқымды сәулеттік қайта түрленудің ошағы болды. Сол кездегі басты інжу-маржандардың бірі – Тың игерушілер сарайы. Оны құру идеясы 1961 жылы Никита Хрущевтің Целиноградқа сапарынан кейін айтылды. Ол кезде жиналысты өнеркәсіптік кәсіпорынның аумағында ұйымдастыруға тура келді, өйткені іс-шараларды өткізуге қолайлы орын болған жоқ. Бұл оқиға жаңа қоғамдық ғимараттың салынуына түрткі болды.

Жобаны Ригадағы «Латгипрогорстрой» институтының сәулетшілері П.Ю.Фогелс, Д.К.Даннеберг және О.Н.Крауклис қолға алды. Құрылыс 1961 жылы 15 қазанда ескі «Родина» кинотеатрының орнында басталып, 1963 жылы 6 қарашада Сарай салтанатты түрде ашылды. 2340 орындық зал мен 150 орындық кафесі бар бұл Сарай қаланың мәдени өмірінің орталығына айналды, мұнда партиялық жиналыстар, концерттер, фильмдер көрсетілімдері, жаңа жылдық мерекелер мен фестивальдар өтті. Ауқымдылығы мен техникалық жабдықталуы жағынан Тың игерушілер сарайы Кремльдің Съездер сарайынан кейін екінші орында тұрды.

Оның мәнерлі сәулеті мен ерекше келбеті ғимаратты қаланың визит картасына айналдырды. Он проекторы мен 82 дауыс зорайтқышы бар көп функциялы залын қаланың барлық тұрғындары көргісі келді, сондықтан алғашқы алты айда адамдар ғимаратқа ұйымдасқан түрде, шақыру бойынша келді. 

1982 жылы ғимарат республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енді. 

Тың игерушелер сарайы: елорданың көрнекті ғимаратының заманауи келбеті
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Уақыт өте сарай атауы бірнеше рет өзгертілді, оның сыртқы түрі де өзгерді. 1990 жылдардың аяғындакүр тек сыртында емес, ішінде де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген соң сыйымдылығы 1600 орынға дейін қысқарды. 1999 жылдың басында Тың игерушілері сарайы Конгресс-холл деп өзгертілді. 2016 жылы оған «Астана» концерт залы атауы берілді. Қазіргі кезде мұнда Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония орналасқан. Дәл осы жерде Тың игерушелірі сарайы ашылған сәттен бастап топ құрылып, уақыт өте келе филармонияға айналды. 

Бүгінде ғимарат астананың символы болып қала отырып, өзінің тарихи маңызын сақтап қалды. Қалада басқа орындардың саынуына қарамастан мұнда үлкен концерттер мен мәдени іс-шараларды өткізіліп келеді. Көптеген реставрациядан кейін ол заманауи келбетке ие болды, бірақ өзінің бай тарихын еске түсіретін бірегей ерекшеліктерін сақтап қалды. 

Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданындағы бірегей мәдени нысан – «Хан Ордасы» қорық-мұражайын қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

Бұған дейін Хан ордасы музей-қорығы қалай жаңғыртылып жатқаны туралы жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар