Тынық мұхитында бортында 3 мың көлік бар кеме суға батып кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Маусым айында 3 мыңға жуық көлікті тасымалдайтын Morning Midas жүк кемесінен өрт шыққаны белгілі болды.

кеме суға батты
Фото: United States Coast Guard

The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, кеме 24 маусымда суға батып кеткен. 

Кеме Аляскадан 480 шақырым жерде жүзіп бара жатқанда бортында өрт шыққаны хабарланды.

кеме суға батты
Фото: United States Coast Guard

 — Экипаж өртті сөндіру үшін шаралар қабылдады, бірақ жағдайды бақылауға алу мүмкін болмады, — делінген Zodiac Maritime басқарушы компаниясының мәлімдемесінде.

АҚШ жағалау күзеті жақын маңда жүзіп келе жатқан сауда кемесіне 22 теңізшіні эвакуациялады.

Компанияның мәліметінше, оның бортында барлығы литий-ионды аккумуляторлардан қуат алатын 800-ге жуық электромобиль болғандықтан, өртті бірнеше апта бойы сөндіру мүмкін болмады. Батареялардың бұл түрлері жанған кезде көп жылу шығарады және сөнгеннен кейін де қайта жануы мүмкін.

кеме суға батты
Фото: United States Coast Guard

Кеме 24 маусым күні өрт пен ауа райының қолайсыздығынан суға батып кетті. Ақпаратқа сәйкес, кеменің бортында Мексика нарығына арналған қытайлық көліктер болған.

Еске сала кетейік, SpaceX ғарыш кемесі сынақ кезінде жарылғаны жайлы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар