23:58, 21 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Тірі қалған Як-42 бортинженері ауруханадан шығуы мүмкін
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Тірі қалған Як-42 бортинженер Александр Сизов екі аптадан кейін ауруханадан шығуы мүмкін, деп жазады ВВС орыс қызметі.

«Ярославль түбіндегі Як-42 әуе апатында тірі қалған бортинженер Александр Сизовтың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда», - деп мәлімдеді Склифосовский атындағы Жедел жәрдем Ғылыми-зерттеу институтының директоры Анзор Хубутия.
«Ол оянды. Біз енді оның өміріне еш қауіп жоқ деп үміттенеміз», - деді Хубутия.
Оның айтуынша, Сизов екі аптадан кейін ауруханадан шығып қалуы мүмкін.