Тіркелген заңды тұлғалардың саны 314 054-ке жетті

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 1 қазандағы  жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 314054 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,6 пайызға артты, оның ішінде 50 адамнан кем қызметкерлері бар - 297744 бірлік. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінде өткен брифингте аталған ведомствоның басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.
None
None

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 171068 құрады, оның ішінде 155749 бірлік - шағын кәсіпорындар. Республикадағы тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны (заңды тұлғалар) 227678 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,1 пайызға артты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум