Тісімен сурет салатын дарын иесі шығармаларының көрмесін Қазақстанның әр қаласында өткізуді армандайды

 ШЫМКЕНТ. 10 қазан. ҚазАқпарат - Шымкентте мүмкіндігі шектеулі суретші адамның «Өмірге ғашық адамдар» атты көрмесі өтті.
None
None

Анатолий Бауэр суретті қолсыз салады, қылқаламды тісімен ұстайды. Ол көрермендерге соңғы 12 жылда салған суреттерін ұсынды. Анатолийдің айтуынша, ол шабытты музыкадан іздейді, табиғат аясына жиі шығып отыруы да көмектесіп отырады.

 15 қазан күні Анатолийдің картиналары Тараз қаласында көрсетіледі. Суретші оның жұмыстары Қазақстанның бүкіл қалаларындағы әсемдікті сүйетін адамдардың қызығушылығына бөлінетініне үміт артуда. А.Бауэрдің арманы - өз жұмыстарының көрмесін елдің барлық қаларында өткізу.

Соңғы жаңалықтар