Тістің жақсы сақталуына балдырлардың әсері мол екені анықталды

АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Теңіз балдырлары адам тістерін ғұмыр бойы жақсы қалыпта ұстап тұруға көмектеседі. Британ университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келді. 
None
None

«Русская служба BBC» ақпараты бойынша, зерттеу нәтижелері балдырларда өмір сүретін кейбір бактериялар тіс тотығының пайда болуына әсер ететін зиянды микроорганизмдер мен тісте пайда болатын қатпарларды бұзуға әсер ететінін көрсетті. Зерттеушілер кеме корпусын тотығудан қорғау әдісін іздеу барысында балдырлар құрамына кіретін ферментті кеңінен пайдалануға болатынын анықтаған. Олар балдырлардың пайдалы бактериялары стоматологияның түрлі саласына қажет деп есептейді. Соның ішінде жасанды тістерді өте жақсы күйде сақтап тұру үшін имплантологияда маңызы жоғары көрінеді.

Еуразия бірінші арнасы

Соңғы жаңалықтар