«Titan FC 51» турнирі: Бейбіт Назаров америкалықтан айласын асыра алмады

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда ММА аралас жекпе-жектен өтіп жатқан «Titan FC 51» халықаралық турнирінің басты жекпе-жектерінің бірі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кештің айтулы жекпе-жектерінің бірі 69,9 келі салмақтағы қазақстандық Бейбіт Назаров (14-3) пен АҚШ-тан келген Мартин Браунның (12-5) айқасы еді. Спорт коментаторлары өте күрделі айқас деп баға берген жекпе-жек 5 раундқа, яғни 25 минутқа созылды. Жан алысып, жан беріскен айқаста Бейбіт Назаров төрешілердің шешімімен жеңіліс тапты.

Айта кетсек, аталмыш турнир аясында бірнеше жекпе-жек өткізілген болатын. Оның екеуінде «TITAN FC» тұжырымы бойынша Әлем чемпиондарының белдігі сарапқа салынған. Турнирге әлемнің 18 мемлекетінен, атап айтқанда Қазақстан, АҚШ, Колумбия, Қытай, Бразилия, Әзербайжан, Қырғызстан, Германия, Ямайка, Голландия және Ресей елдерінен спортшылар қатысты. «Алматы Аренада» өткен турнирдің ұйымдастырушылары - Халықаралық «Titan FC» ұйымы мен «Alem fighters» спорт клубы.

Аталған іс-шараны АҚШ-тың «UFC FIGHT PASS» арнасы арқылы әлемнің 150 еліне тікелей эфирден таратылып, Қазақстан мен ТМД-ның жергілікті арналарында да тікелей эфирден көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар
telegram