ТКМ кәсіпорындарының әрқайсысында дағдарысқа қарсы бағдарлама болуы тиіс - С.Ахметов

Бүгін Астанада өтіп жатқан Тау-кен металлургия кешені қызметкерлерінің ІІІ съезі барысында сөз сөйлеген Үкімет басшысының бірінші орынбасары Серік Ахметов осылай мәлім етті.
«Біз әлемдік экономиканың әртүрлі даму жағдайын ұдайы қаперде ұстаймыз, егер әлемдік нарықтағы жағдай нашарласа, соның әсерінен болуы мүмкін теріс салдарын еңсеру бойынша қадамдар үйлестіріледі. Біз ағымдағы жылдың ақпанынан бүгінге дейін барлық компания басшыларын, оның ішінде тау-кен металлургиясы кешенінің жетекшілерін де қатыстыра отырып, консультациялар жүргізудеміз. Онда болуы мүмкін дағдарыс сценарийлері мен оны еңсеру жолдары талқыланады», - дейді Серік Ахметов.
Оның айтуынша, бүгінгі таңдағы Үкіметтің негізгі міндеті - тау-кен кәсіпорындарының орнықты дамуын, оның ішінде дағдарыс уақытындағы орнықтылығы үшін жағдайлар қалыптастыру болып табылады. «Мемлекет тарапынан аталған сала компанияларына қолдау көрсетіледі, ал өз кезегінде компаниялар инвестицияны жалғастырып, жаңа жұмыс орындарын ашуды да тоқтатпаулары қажет», - деді С. Ахметов.