ТКШ агенттігі мемлекеттік қордан баспанаға үміткерлерден құжат жинау үдерісін жеңілдетеді

АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Елімізде мемлекеттік тұрғын үйге үміткерлер үшін құжат жинау үдерісі жеңілдетіледі.
None
None

Бұл туралы бүгін аталған ведомствоның алқа мәжілісінде агенттік төрағасының орынбасары Николай Тихонюк мәлім етті.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында дәл осы тапсырманы бергендігін атап өткен оның айтуынша, қазіргі уақытта агенттік «Қазақстан Республикасының тұрғын-үй қатынастары жөніндегі  бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құруда.

«Аталған заң жобасында, сонымен қатар заңнамалық актілер мен ТҚШ-ны жаңғырту бағдарламасында Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау көзделген. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға үмітті азаматтарды есепке қою мемлекеттік стандарттары аясында құжаттар жинау үдерісін оңтайландыру болжануда», - деді ол.

Оның атап өтуінше, мұндай үдеріс бекітілген жағдайда азаматтар тек қана өтініш береді. Ал қажетті құжаттар мүдделі мемлекеттік органдардан электронды сұраным бойынша автоматты режімде жиналады.  

Соңғы жаңалықтар