ТКШ саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттары өзгертілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына өзгерістер енгізілді. «ҚазАқпарат» ХАА құжаттың толық мәтінін ұсынады.
None
None

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ

БҰЙРЫҒЫ

2017 жылғы 22 маусым No376 Астана қаласы

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту

туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика

министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі No319 бұйрығына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйырамын:

1. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015

жылғы 9 сəуірдегі No 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

тізілімінде No 11015 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 маусымда «Əділет» ақпараттық-құқықтық

жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы

бұйрыққа 1-қосымшаға сəйкес;

2) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесежеке тұрғын үй қорынан

жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу жəне кезекке

қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сəйкес;

3) «Мемлекеттік кəсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге

мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын

үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы

(болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа

3-қосымшаға сəйкес бекітілсін;

4) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жеке шелендіру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 4-қосымшаға сəйкес бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» деген мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігі (бұдан əрі - Министрлік) əзірледі.»;

6-тармақтың бiрiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесі - тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама (бұдан əрі - хабарлама) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда жəне негіздер бойынша мемлекеттік кызметті көрсетуден бас тарту туралы дəлелді жауап.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының

9-тармағында көзделген тізбеге сəйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда,

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымшаға сəйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін

қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың жəне (немесе) олардағы деректердің (мəліметтердің)

анық еместігін анықтау негізінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.»;

11-тармақтың бірінші, екінші жəне үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Көрсетілетін қызметті берушілердің жəне (немесе) олардың лауазымды адамдарының

мемлекеттік қызмет көрсету мəселелері бойынша шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне)

шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік

көрсетілген қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекен-жайлар бойынша беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы пошта бойынша

немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі жəне тіркелген күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Тыныс-тіршілігін шектейтін, ағза функциясының тұрақты бұзылуынан денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдауды, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 нөміріне жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне шығумен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) көрсетілетін қызметті берушінің - www.mid.gov.kz;

2) Мемлекеттік корпорацияның - www.gov4c.kz интернет-ресурстары

нда орналастырылған.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.go v.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу жəне кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» деген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігі (бұдан əрі - Министрлік) əзірледі.»;

9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Жеке басын куəландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы(2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы куəліктің (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің бар немесе жоқ екені туралы анықтамалардың, мекенжай анықтамаларының, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің, көрсетілетін қызметті алушының немесе оның отбасы мүшелерінің халықтың əлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мəліметтері көрсетілетін қызмет берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасы мүшелерінің (болған жағдайда) «электрондық үкімет» шлюзі арқылы

электрондық құжаттар нысанында беріледі.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қоюдан бас тарту үшін негіз:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың жəне (немесе) олардағы деректердің (мəліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан

Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен тұрғын үйі авариялық деп танылған елді

мекеннен тыс жерде өтініш білдіргенін анықтау;

3) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде үш жыл тұрғанын растайтын фактінің болмауы;

4) егер азаматтың соңғы бес жылдың iшiнде:

тұрғын үй-жайын ауыстыру;

оның Қазақстан Республикасының белгiлi бiр елдi мекенiнде орналасуына қарамастан, өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, тұру үшiн жарамды тұрғын үйдi, жергiлiктi атқарушы орган жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес алынған ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi тұрғын үй кредитi бойынша сатып алынған, кепiл беруш iнiң - Қазақстан Республикасы азаматының ипотекалық тұрғын үй бойынша мiндеттеменi орындауға қабiлетi болмаған кезде сатып алғаннан басқа жағдайларда, иелiгiнен шығару;

оның кiнəсiнен тұрғын үйдi бұзу немесе бүлдіру;

тұрған кезiнде оның мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйқорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйiнен көшіп кету;

жұбайынан, кəмелетке толмаған жəне еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызу жолымен өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мұқтажға айналғаны анықталса, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай беру үшiн есепке қоюдан бас тартылады.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сəйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сəйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатбереді.»;

11-тармақтың бірінші, екінші жəне үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«Көрсетілетін қызметті берушілердің жəне (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мəселелері бойынша шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекен -жайлар бойынша беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы пошта бойынша немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан,кіріс нөмірі жəне тіркелген күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Тыныс-тіршілігін шектейтін, ағза функциясының тұрақты бұзылуынан денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдауды, Бірыңғай байланыс орт алығының 1414, 8 800 080 7777 нөміріне жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне шығумен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) көрсетілетін қызметті берушінің - www.mid.gov.kz;

2) Мемлекеттік корпорацияның - www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.»;

жоғарыда көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сəйкес редакцияда жазылсын;

«Мемлекеттік кəсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге

мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үйқорынан берілген тұрғын

үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы

(болмауы) туралы анықтама беру» деген мемлекеттіккөрсетілетін қызмет стандарты осы

бұйрыққа 2-қосымшаға сəйкес редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сəйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігінің Құрылыс жəне тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ

жəне орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы жəне электрондық нысандағы көшірмелерін

Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми

жариялау жəне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу

құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік онкүн ішінде оның

көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен

кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігінің

Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) жəне 4) тармақшаларына сəйкес іс-шаралардың

орындалуы туралы мəліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ҚазақстанРеспубликасының

Инвестициялар жəне даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң

қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар

жəне даму министрі Ж.ҚАСЫМБЕК

Соңғы жаңалықтар